ШЫҰ-ға мүше елдердің Ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлері кеңесінің хаттамасына қол қойылды

Аталмыш хаттама 6 мемлекеттің ішкі істер органдарының қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған.
Жиын барысында журналистермен сұхбаттасқан Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымы қызметі жөніндегі ұлттық үйлестіруші Шахрад Нұрышевтың айтуынша, хаттамада негізінен есірткінің заңсыз тасымалы, заңсыз миграция, адам саудасы, қару-жарақ саудасы сияқты өзге де қылмыстармен бірлесіп күресу мәселелері бойынша өзара ықпалдасу мәселелері қамтылған. «Бұл ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Ішкі істер және Қоғамды қауіпсіздік министрлерінің 2-ші кездесуі. Бірінші кездесу 2009 жылы Ресейдің Екатеринбург қаласында өтті. Бүгінгі кездесуде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердегі есірткінің заңсыз айналымы, заңсыз көші-қон, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өзара ықпалдастық сияқты бірқатар мәселелер талқыланды»,-деді ұлттық үйлестіруші.