ШЫҰ-ға мүше елдердің Ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің кеңесінің 2-ші мәжілісі аяқталды

Жиынды қорытындылаған Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, 2011 жылдың 28 сәуірінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Ішкі істер және Қоғамдық қауіпсіздік министрлері кеңесінің 2-ші мәжілісі өтті. «Жиынға Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Мұратбек Иманалиев қатысты. Министрлер жиын барысында қылмыспен күрес пен ұйымдасқан қылмыс, есірткінің заңсыз айналымы, заңсыз көші-қон және ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстар мен интернет жүйесін заңға қайшы пайдалану әрекеттерін анықтаудағы алдыңғы технологияларды пайдалану мәселелері бойынша өзара пікір алмасты. Жиын өзара диалог пен түсіністік жағдайында өтті. Жиынның қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды»,-деді.
Өз кезегінде ШЫҰ-ға мүше елдердің Ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің кеңесінің 2-ші мәжілісінің аяқталуына орай сөз алған ШЫҰ-наң Бас хатшысы Мұратбек Иманалиев халықаралық ұйым аясындағы ынтымақтастық шараларының кеңейіп келе жатқандығын атап көрсетті. «Бүгін сонымен қатар ортақ мәселелер бойынша өзара пікір алмасылып, халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру және трансшекаралық қылмыстармен күрес бағыттары бойынша нақты шешімдер де қабылданды»,-деп атап көрсетті.