ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің кеңесі өтті

деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметінен.
Кеңеске Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің мүшесі - Қоғамдық қауіпсіздік министрі Мэн Цзяньчжу, Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрі Зарылбек Рысалиев, Ресей Федерациясының Ішкі істер министрі Рашид Нұрғалиев, Тәжікстан Республикасының Ішкі істер министрі Абдурахим Кахаров, Өзбекстан Республикасының Ішкі істер министрі Баходир Матлюбов қатысты.
Сондай-ақ кездесуге ШЫҰ-ның Бас хатшысы Мұратбек Иманалиев, ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылым атқарушы комитетінің директоры Жеңісбек Жұманбеков, бақылаушы мемлекеттердің өкілдері (Үндістан, Иран, Моңғолия, Пәкістан) мен ШЫҰ диалогы бойынша әріптесі (Беларус) қатысты.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Кеңестің ашылуында сөйлеген сөзінде ағымдағы жылдың маусымында Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылғанына 10 жыл толатынын атап өтті.
ШЫҰ құқық қорғау қызметінің неғұрлым маңызды сипаттары бойынша келісілген шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді, өзара тиімді ынтымақтастың дамуына ықпал етеді. Қылмысқа қарсы күрес ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өңірлік қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының негізгі даму бағыттарының бірі болып табылады.
Кеңес барысында Министрлер қылмысқа қарсы күрес мәселелерін және ұйымдасқан қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына, заңсыз көші-қонға қарсы іс қимыл жасаудағы, сондай-ақ ақпараттық технологиялар мен Интернетті заңсыз пайдалану саласындағы қылмыстарды анықтау мен жолын кесуде озық тәжірибелер алмасудағы ынтымақтастықты жандандырудың болашағын талқылады.
Кеңес өзара түсіністік пен сындарлы диалог жағдайында өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша қылмысқа қарсы күресте алты елдің ішкі істер органдарының ынтымақтастығын дамытуға бағытталған кешенді іс-шараларды көздейтін хаттамаға қол қойылды.