ШЫҰ-ның Даму банкін құру мәселесі Ташкент саммитінде талқыланады - ҚР СІМ

«Қазақстан үшін, ШЫҰ-ға мүше өзге де мемлекеттер үшін ұйымның сауда-экономикалық кеңістігі басым маңызға ие. ШЫҰ-ның осы саласын дамытуға қатысты көптеген жоспарлар жасалды. Енді ШЫҰ-ның экономикалық, сауда және инвестициялық қызметін қаржылық қамтамасыз ету тетіктерін құру бойынша маңызды жұмыстарды атқару ғана қалды. Бұл ШЫҰ-ның Даму банкі құруға қатысты», - деді ол бүгін Астанада ШЫҰ мүше мемлекеттерінің қаржылық бақылау жоғары органдары басшыларының кездесуінде.
СІМ басшысының атап өткеніндей, қаржылық қамтамасыз етудің тетіктері болмайынша, ұйымның экономикалық қызметін дамыту мүмкін емес.
«Сондықтан біз осы қаржылық тетіктерді құру жөніндегі істі күшейттік. Ең бастысы, ШЫҰ Даму банкін құру бойынша ортақ ұйғарымға келу бағытына қатысты. Бұл тақырып қыркүйекте Бішкекте қаржы министрлерінің кездесуінде жеке талқыланады», - деп толықтырды Е. Ыдырысов.
Сонымен қатар, министрдің айтуына қарағанда, 23-24 маусымда ШЫҰ-ның Ташкент саммиті кезінде ұйымға жаңа мүше мемлекеттерді қабылдау туралы тариxи шешім шығарылады.
«Біз ұйымға Үндістан мен Пәкістанның мүшелік етуі жөніндегі үдерісті бастаймыз. Күн тәртібінде Иранды қабылдау мәселесі де тұр. Әлі келісілуі тиіс бірқатар мәселелер бар», - дейді министр.