ШЫҰ-ның қызметін нақты және іс жүзіндегі нәтижелерге жету үшін қайта бағдарлау қажет - С. Ахметов

БІШКЕК. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - ШЫҰ-ның қызметін нақты әрі іс жүзіндегі нәтижелерге жету үшін қайта бағдарлау қажет.
None
None

Бұл туралы бүгін ШЫҰ-ға мүше-елдер Үкімет басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов айтты.

«Бүгінде әр мемлекет құбылмалы әлемдегі өз орны туралы қайта ойлануға және бәсекеге қабілетті болып қалу үшін жаңа ережелерге икемделуге мәжбүр.  Біздің міндет - ШЫҰ ясында өзара қарым-қатынастарды дамытудың және қолдаудың, экономикалық байланыстарды тереңдетудің жаңа үлгілерін табу үшін тәуекелдерді барынша төмендету», - деді С. Ахметов.

Қазақстан Үкіметінің басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды факторға айналғандығын атап өтті. 

«Келесі міндет - өңірлік экономикалық ықпалдастық пен дамудың локомотив сынды күшті дамуы қажет», - деп түйіндеді С. Ахметов.

Соңғы жаңалықтар