ШЫҰ-ның Лаңкестікке қарсы аймақтық құрылымы кеңесі мүшелері бірауыздан қырғызстандық әріптестеріне көмектесу туралы шешім қабылдады

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда өткен ШЫҰ Лаңкестікке қарсы аймақтық құрылымы кеңесінің 17-ші отырысында Қырғыз Республикасының құзырлы органдарына ақпараттық және материалдық-техникалық тұрғыдан жәрдемдесу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

"Кіммен және қалай күресу керек деген кезде құзырлы мекемелер үшін қажетті ақпараттарды өзара алмасудың маңызы өте зор. Бұл қылмыскерлерлерді, бандиттерді, лаңкестерді іздестіруге қатысты мәліметтер. Отырыс кезінде қырғызстандық әріптестеріміз материалдық-техникалық тұрғыдан да жәрдем көрсетуге өтініш жасаған болатын, ол кеңес мүшелері тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Жалпы бұл жұмысты алдымен біз өзіміз қолға алып, қандай мұқтаждықтарың бар деп сұрау салып, қолдан келгенше көмек беруді бастап кеткенбіз", дейді Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) директорының 1-ші орынбасары Сергей Смирнов. Оның айтуынша, Қырғызстандағы ахуалды реттеу кезінде ШЫҰ дер кезінде әрекет жасамады деген сын айтылады. Ол саяси ұйым болғандықтан шешімді алдымен мемлекет басшылары қабылдайды. Ол қалыптасқан жағдайды жан-жақты бағамдау үшін кешеуілдеуі мүмкін. Бірақ оны ШЫҰ мүше елдердің немқұрайдылығы деуге болмайды. Қырғызстандағы ахуал кезінде көршілес Қазақстан, Өзбекстан, Ресей бірден қол ұшын созып, саяси тұрақтылықты сақтауға айрықша көңіл бөлді.

Соңғы жаңалықтар