ШЫҰ содырларымен күрес мәселесіне байланысты ұсыныс әзірлемек
«Ислам мемлекеті» аталатын лаңкестік ұйым көз алдымызда таралып барады. Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың бастамасы бойынша сараптамалық пікір қалыптастыруды жөн санадық, бұл ұсынысты ШЫҰ өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымы ескеруі тиіс. Бұл құрылымның кеңесі мүше мемлекеттердің әлеуетті блогының өкілдері арасындағы өзара іс-қимылдың ықтимал форматын қамтамасыз етеді. Бақылаушы мемлекеттермен, тіпті диалог бойынша әріптестермен өзара іс-қимылдың белгілі бір форматы қарастырылуда», - деді журналистердің сұрағына жауап берген ол.
Д.Мезенцев ШЫҰ-ға (Санкт-Петербор қ. 2015 жылғы шілде) мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлерінің кездесуінде Қырғызстанда «Бейбіт миссия-2016» лаңкестікке қарсы жаттығу өткізу мәселесі бекітілгенін еске салып өтті.
«Полицейлер ғана емес әскери шаралар да осы қатермен күреске жұмылдырылуы қажет. Адамдар неге олардың азғыруына тартылуда, жастар отбасыларын, балаларын, үйін, оқуын тастап, денсаулығы мен өмірін не үшін қауіпке тігуде, соны талдау қажет», - деп атап өтті Д.Мезенцев.