11:11, 28 Қазан 2009 | GMT +5
ШЫҰ, ҰҚКШҰ және ЕҚЫҰ-ның іс-әрекетін бір арнада үйлестіру қажет - Әскери саяси зерттеулер орталығының президенті
анның 28-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Біздіңше, бүгінде ЕҚЫҰ аймақтық ұйымдардың қызметі туралы көп біле бермейді. Сондықтан олардың іс-әрекетін үйлестіріп, бір арнада жүргізу қажет деп ойлаймын. Бүгін Астанада басталған «Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы: қатерлер және мүмкіндіктер тақырыбындағы халықаралық конференцияда «Әскери саяси зерттеулер орталығы» АҚ-ның президенті Сергей Федосеев осындай ұсыныс жасады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Осы уақытқа дейін Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы сияқты ірі халықаралық ұйымдардың аймақтық мәселелерді шешу жолында атқарған еңбегі зор. Біздіңше, бүгінгі таңда ЕҚЫҰ ол туралы көп біле бермейді. Сондықтан қазіргі кезде аталған ұйымдардың ортақ іс-қимылын ұйымдастырып, бір арнада жұмыс істеулерін қамтамасыз ету қажет деп ойлаймыз», деді С. Федосеев.
Орталық басшысы атап көрсеткендей, бүгінгі таңда Орталық Азия көптеген жаһандық проблемаларды талқылап шешуге мүмкіндік беретін аймақ ретінде қарастырылуда. «Осы орайда ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін Қазақстанның шешуші рөлі айтарлықтай болады деп сенеміз», деді ол.