СІМ-де Қазақстан мен Швейцария ынтымақтастығы және ЕҚЫҰ аясында өзара ықпалдастық талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Швейцария Конфедерациясының Федералды Президенті, Сыртқы істер бойынша Федералды кеңесшісі және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі Төрағасы Дидье Буркхальтермен келіссөздер өткізді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Кездесу барысында тараптар әр түрлі салалардағы екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі күйі мен келешегі, көпжақты институттар аясында өзара ықпалдастық пен халықаралық күн тәртібіндегі мәселерді талқыға салды.

ҚР СІМ басшысы швейцарлық Президентті Қазақстанның жаңа экономикалық бағдарламасы «Нұрлы жолдың» басты бағыттары және мақсаттарымен таныстырып, оның әлеуметтік саланы қолдауға ерекше мән беретінін және бөлінген қаражаттың әлемдік дағдарыс кезеңінде еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Е. Ыдырысов Қазақстан Швейцарияны сенімді және маңызды әріптесі ретінде қарастыратынын және ұзақ мерзімді, өзара тиімді ынтымақтастық құруға мүдделі екенін алға тартты. Екі ел арасында саяси салада жоғары деңгейде сенім орнатылғаны туралы ерекше атап өтілді. «Қазақстан-Швейцария» парламентаралық топтың тиімді жұмыс атқарып отырғандығы да тілге дәйек етілді. Парламент палаталары басшылары деңгейінде тұрақты сапармен алмасу тәжірибесі де орныққан.

Сұхбат барысында тараптар сонымен бірге серпінді дамып келе жатқан сауда-экономикалық қатынастарға жоғары баға берді. Швейцария ҚР экономикасына инвестиция құйған мемлекеттер арасында көшбасшы мемлекеттер қатарында және ол 20 инвестор-мемлекеттері тізіміне енген.

Сұхбаттастар сауда-экономикалық қатынастар бойынша қазақстандық-швейцарлық үкіметаралық комиссия мен қазақстандық-швейцарлық іскер кеңесінің сәтті қызметі осы саладағы ынтымақтастықты белсенді түрде дамытуға жол ашатынын атап өтті.

Екі ел арасындағы құқық қорғау саласындағы әлеуеттің толық қолданылмағаны да кездесудің басты тақырыптарының біріне айналды.

Швейцария Конфедерациясының ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы туралы сөз қозғаған Е. Ыдырысов 2014 жыл оңай жыл болмағандығын баса айтты. Әрине, бұл Украинадағы жағдайды тұрақтандыруда үлкен күш-жігерді қажет етіп қана қоймай, сондай-ақ, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, өмір сүру деңгейін жақсарту және ЕҚЫҰ әлеуетін арттыру сынды мәселелерді шешуде қызметі талап етті Осы тұрғыдан ол ЕҚЫҰ қазіргі төрағасының қызметін барынша қолдап, Ұйым алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруға ат салысуын жоғар бағалайтынын атап өтті.

Келіссөздердің нәтижесінде екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасында түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар