08:59, 08 Тамыз 2012 | GMT +5
Синхронды жүзуден қазақстандық дуэт Олимпиаданың финалына өте алмады
АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Лондонның «Акватик Орталығында» синхронды жүзуден өткен жарыстарда Әйгерім Жексенбинова - Анна Кулькина қазақстандық дуэті 12 финалистің қатарына енбей қалды.

Еркін бағдарламада қыздар «Шерлок Холмс» композициясымен шықты. Дегенмен, екі іріктеу сынынан кейін Қазақстан өкілдері 169,580 жалпы нәтижемен тек 15-ші орынға тұрақтады.
Ең жақсы нәтижені ресейлік жұп Наталья Ищенко - Светлана Ромашина көрсетті. Екінші үздік нәтижені қытайлық синхроншылар көрсете алды. Мықтылар үштігін Испанияның құрамасы тұйықтады.