19:55, 20 Тамыз 2010 | GMT +5
Синоптиктер Қарағанды облысында 39 градусқа дейін ыстық болады деп болжам жасауда
ҚАРАҒАНДЫ. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында жоғары өрт қаупі сақталып отыр, деп ескерту жасады облыс ТЖД синоптиктердің болжамына сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РГП Қарағанды гидрометеорология орталығының мәліметтеріне қарағанда, 2010 жылы тамздың 21-інде облыс аумағының үлкен бөлігінде жоғары өрт қаупі күтілуде, ал Ұлытау, Жаңаарқа аудандарында және Ақтоғай ауданының оңтүстігінде өрт қаупі өте-мөте күшті. Кейбір жерлерде жасын ойнап, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Облыстың оңтүстік-батысында ыстық 39 градусқа дейін жетеді», деп хабарлады облыстық ТЖД.