Сіз Қазақстанды теңдесі жоқ экономикалық табысқа, ал халқыңызды бейбітшілікке, жоғары тұрмыс деңгейіне бастап әкелдіңіз - Герман Бундестагының мүшесі Михаэль Глос

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың атына президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтаған жеделхаттар мен хаттар шетелдік қоғам қайраткерлері мен қазақстандықтардан келіп түсуі жалғасуда, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
None
None

Герман Бундестагының мүшесі, бұрынғы Федералдық министр Михаэль Глос Елбасын президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтайды. Одан әрі хатында: «Сіз Қазақстанды теңдесі жоқ экономикалық табысқа, ал халқыңызды бейбітшілікке, жоғары тұрмыс деңгейіне бастап әкелдіңіз. Сіздің сайлаудағы нәтижеңіз осының айқын айғағы. Сіз еліңіздің дамуы барысын мақтан етуге әбден құқылысыз», - деп ең ізгі тілегін білдірген.

Герман Экономикасы Шығыс комитетінің бұрынғы төрағасы, профессор Клаус Мангольд құттықтау хатында: «Аса қадірлі Президент мырза! Сіздің көреген саясатыңыз, экономикалық алғырлығыңыз, интеграцияға деген ұмтылысыңыз бен ел басқарудағы қажыр-қайратыңыз Қазақстанның әлемдегі ірі мемлекеттердің арасындағы маңызды орнын қамтамасыз етуге зор үлес қосқанын соңғы онжылдықтар айқын дәлелдеп берді», - дей келіп, Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа денсаулық, бақыт және толайым табыс тілеген.

«Жас ғалымдарды қолдауға арналған Президент грантының иегерімін. Жас жанұяларға арналған бағдарлама арқасында ипотекалық пәтерге ие болдым. Сізге деген алғысымыз шексіз. Сіздің құрметіңізге тұңғыш ұлымның есімін Нұрсұлтан деп қойғанмын. Балам да Сіздің атыңызға кір келтірмей, 4 пен 5-ке оқып жатыр. Ортаншы ұлымның аты - Ернұр. Қазақстан Республикасын Өзіңіз дүние жүзіне паш еткен ЕҚЫҰ-ның саммиті күні келіншегім Мәдина үшінші ұлым - Ерсұлтанды дүниеге әкелді. Жанұядағы барлығымыз Сізді жақсы көреміз. Осы хатты үш ұлымның атынан жолдап отырмын», - деп жазады Алматы қаласының тұрғыны Ержан Көлдеев.

Батыс Қазақстан облысы, Сайқын ауылының тұрғыны, Социалистік Еңбек Ері Ескендір Есімовтың хатында Елбасының батыл бастамалары мен салиқалы саясатының арқасында Қазақстан халқы Тәуелсіздік тұғырына көтеріліп, тарихи аз уақытта ел жаңарып, халықтың әл-ауқаты арта түскені атап өтілген. Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек, Сарыағаш, Мақтаарал аудандарының ұлттық мәдени орталықтары, әйелдер кеңесі, еңбек және соғыс ардагерлері, зейнеткерлері, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, ауыл округі әкімдері, мектеп және жоғары оқу орындарының ұжымдары, еңбек ұжымдары мен жеке шаруашылық жетекшілері атынан жолданған құттықтау хаттарында тәуелсіз еліміздің экономикасының жыл сайын артуы, жаңа бастама, жаңа табыстарымен және демократиялық үрдістерімен әлем назарын аударып отырғаны, шынайы мемлекеттік көзқарастың қалыптасып, Отанымыздың гүлденуі Елбасының есімімен тығыз байланысты екені кеңінен баяндалған.

Павлодар облысы, Береговое ауылының тұрғыны, зейнеткер Жұпар Успанова, Павлодар ауданы бойынша штаб мүшесі Александр Жанғазин, Семей қаласының тұрғыны, сазгер Арғынбек Ахметжанов, ОҚО Мақтарал ауданының тұрғыны, батыр ана Сәрсенкүл Бұқарбаева, Қызылорда облысы, Ақмая ауылының тұрғыны, батыр ана Раушан Нұрымбетқожаева және «Стройкласс» ЖШС бас директоры Ольга Гостева жолдаған хаттарда Елбасына деген халықтың ыстық ықыласы, зор құрметі, Мемлекет басшысына деген жұртшылық сүйсіпеншілігі, сондай-ақ Президент жүргізіп отырған әлеуметтік-экономикалық жаңаруларға білдірілген қолдаулары айқын көрініс тапқан.

Соңғы жаңалықтар
Референдум