Сіздер алысқа данышпандықпен қарап, әріптес және дос мемлекеттермен дұрыс ынтымақтастық орнаттыңыздар - Ұлыбритания Елшісі

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қазақстан алысқа данышпандықпен қарап, әріптес және дос мемлекеттермен дұрыс ынтымақтастық орнатты. Бүгін Астанадағы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері алдында дәріс оқыған Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен Солтүстік Ирландияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэвид Моран осылай атап көрсетті.
None
None

Кездесу «Еуропалық Одақ және ЕҰҮ достастық көпірі» атты жоба аясында өтті. Д. Моран «Бүгінгі күнде өмір сүріп, ертеңгі күнге дайын бол» атты тақырыпта дәріс оқыды.

«Мен бүгін студенттермен тілдесуге үлкен назар аудардым. Аталмыш дәрісте менің көздейтінім әңгімелесу, олардың сауалдарын тыңдап, пікірлерін білгім келеді. Бүгін мен мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастар және Ұлыбританиядағы өмір жөнінде айтамын. Дәріс болашақ дипломаттар ретінде халықаралық қатынастар факультетінде оқитын студенттерге қызықты болады деп ойлаймын»,-дейді Елші.

«Мен адамның ойлау қабылетін география анықтайды деп санаймын. Қазақстан бірнеше мемлекеттердің түйскен жерінде орналасқан, сіздер алысқа данышпандықпен қарап, әріптес және дос мемлекеттермен дұрыс ынтымақтастық орнаттыңыздар. Қазақстанның көп векторлы саясаты да осыны көздейді. Бізде де осындай жағдай. Ұлыбритания - бұл арал, біз де шекарадан ары қарауымыз керек. Сондықтан Қазақстанды қисынды және табиғи әріптес деп атауға болады»,-деп атап көрсетті. Д. Моран.

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Еуропа елдерінің Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың, елшіліктердің басшыларын шақыру дәстүрге айналды. «ЕО пен ЕҰУ достастық көпірі» деп аталатын шара аясында мұнда Грекия, Словакия, Латвия, Испания, Германия, Финляндия, және Чехия мемлекеттерінің Елшілері дәріс оқыды. Аталған дәріс серияларының басын Еуроодақ Елшісі Норбер Жустен мырза бастап берген болатын.

Соңғы жаңалықтар