14:47, 22 Сәуір 2011 | GMT +5
СҚМУ оқытушысы Виктор Сайко ардагерлер арасында кір тасын көтеру спорт түрі бойынша өткен әлем және Еуропа чемпионаттарында 21 медальға ие болды
ПЕТРОПАВЛ. 22 сәуір. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы Виктор Сайко Беларуста ардагерлер арасында өткен
әлем және Еуропа чемпионаттарында тамаша өнер көрсетіп, әртүрлі деңгейдегі 21 медальға қол жеткізді, сондай-ақ бірнеше рекорд жаңартты.
Чемпионаттарға 400-ден астам спортшы қатысты.
Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша В.Сайко 13 алтын, 6 күміс және 2 қола медальді иеленді.