19:54, 28 Мамыр 2009 | GMT +5
СҚО әкімдігінде өткен кеңесте тіл заңнамасының атқарылу мәселелері талқыланды
ПЕТРОПАВЛ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ – Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде өткен кеңесте тіл заңнамасының атқарылу мәселелері талқыланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Нәзира Құрманкина өзінің баяндамасында аймақта мемлекеттік тілдегі құжаттардың көлемі өсіп отырғанын атап өтті. Статистикаға қарағанда, биылғы жылдың төрт айы ішінде мемлекеттік тілдегі кіріс құжаттарының саны 94 пайызды, шығысы ? 66 пайызды құраған, бірақ бірқатар проблемалық мәселелер де бар.Облыстық тілдер қызметі және дамыту бағдарламасын іске асыру туралы айта келіп, ол қазіргі уақытта мемлекеттік органдарда 503 аудармашының жұмыс істейтінін, алайда олардың тек 56 пайызы ғана штатта толық ставка бойынша есепке алынғанын атады. Көптеген мемлекеттік қызметшілердің өздері де қазақ тілін жақсы біледі, құжаттарды өз беттерінше даярлай алады. Н.Құрманкина осы адамдардың әлеуетін кеңінен пайдалану жөнінде ұсыныс жасады.Облыс әкімі Серік Біләлов мемлекеттің тілдік саясатын іске асырудың, мемлекеттік тілді қолдануды дамыту мен кеңейтудің маңызын атап көрсетті. Ол осы жылдың аяғына дейін қалалық және аудандық мәдениет бөлімдері мен тілдерді дамыту бөлімдері жанынан мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын ашу туралы мәселесін шешуге тапсырма берді.