СҚО әкімі бюджет қаржысының толық игерілмеуін қатаң сынға алды

ПЕТРОПАВЛ. 4 шілде. ҚазАқпарат - Петропавл облысының әкімдігінде 2013 жылдың бірінші тоқсанында өңір бюджетінің атқарылуы мәселелеріне арналған кеңес өтті.
None
None

СҚО әкімі Самат Ескендіров республикалық және жергілікті қазынадан бөлінетін қаржыларды игеру бойынша жұмыстарды сынға алды.

Кеңесте атап өтілгендей, облыстың жергілікті бюджетіне алғашқы жартыжылдықта жеке табыстардан 12,5 млрд.теңге түсті. Өсім деңгейі 115 пайызды құрады. Дегенмен, 6 аудан оң көрсеткішті қамтамасыз ете алмады.

СҚО бойынша Салық департаментінің жетекшісі Қайрат Жолмұхамбетовтың айтуынша, облыстық бюджет Тайынша (85 пайызға), Тимирязев (87%), Уәлиханов (91%), Жамбыл (94%), Айыртау (97%), Ақжар 97 % сынды аудандармен қамтамасыз етілмеді.

Бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуына қатысты облыстық Қаржы басқармасының бастығы Әскен Әкімжанов баяндады. Бұл бағытта облыс бюджеті 96,3 пайызға орындалды. Екі миллиардқа жуық теңге игерілмей қалды. Төмен көрсеткіштерді 6 аудан көрсетті.

Бюджет қаржысының ең көп игерілмеген бөлігі Қызылжар ауданына тиесілі - 75,4 миллион теңге. Мұнда 15,2 және 3,8 миллион теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және 8,3 миллион теңгеге балалардың ойын алаңқайы бойынша конкурстар өткізілмей қалған, сондай-ақ Бескөлде қазандықтың құрылысы бойынша актінің жоқтығынан 34 миллион теңге игерілмеген.

Сондай-ақ республикалық және жергілікті қазына қаржысын 11 мемлекеттік мекеме кәдеге жаратпаған. Ең төменгі көрсеткішті құрылыс басқармасы көрсетті, олар трансферттердің тек жартысын ғана игерген.

Ұқсас жағдай энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, білім беру, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары, денсаулық сақтау басқармаларында қалыптасқан.

Соңғы жаңалықтар