СҚО әкімі көктемгі егіс науқанын өз бақылауына алды

Аудан әкімі Владимир Дудовтың айтуынша, жұмыстарды жүргізуге барлығы дайын тұқымның жеткілікті мөлшері сатып алынды (шамамен 80 мың тонна), соның 29 пайызы - бірінші сұрыпты тұқым. Жанар-жағармаймен қамтамасыз ету 93 пайызды құрап отыр. Аймақ басшысы аудан әкіміне 2014 жылы отынды жеткізу мәселесінде қиындықтар болғанын айтты. «Биыл сондай жағдай қайталанбауы керек», - деп атап өтті Ерік Сұлтанов.
Көктемгі егістік жұмыстарын дайындық пен ағымдағы жылға белгілеп қойған жоспарларымен аудандағы агроқұрылымдардың басшылары айтып берді. Олардың арасында ірі құрылым - «Тұқым» ЖШС. Компанияның иелігінде 56 мың га жер бар. Серіктестіктің басшысы Николай Кадунның айтуынша, егістік науқанына кірісуге жаңбырлы күн райы кедергі болып отыр.
Агроқұрылымдардың басшыларымен кездесудің соңында СҚО-ның әкімі көктемгі егістік жұмыстарының табысты өтетінінен үмітті екенін айтты. Бұдан басқа, аймақ басшысы жұмыскерлердің жалақысы лайықты деңгейде қалуы тиіс екенін ескертті.