СҚО әкімі көлік қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда Көлік қызметкерлері күні құрметіне салтанатты жиын өтті. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Көлік қызметкерлерін құттықтаған СҚО әкімі Ерік Сұлтанов көлік кешенін дамыту Президенттің ауқымды инфрақұрылымдық жоспары - «Нұрлы жол» бағдарламасында негізгі орынға ие екенін атап өтті. Саланың үздік өкілдері бұл күні дәстүрлі түрде жоғары награда, құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен марапатталады. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің атынан СҚО әкімі «Партнер-Авто» ЖШС механигіне «Құрметті автокөлікші» төсбелгісін, ТОО «Петропавловск-NORD» ЖШС жүргізушісі Андрей Ильюхинге «Үздік автокөлікші» төсбелгісін табыс етті. СҚО әкімінің құрмет грамотасымен еңбекте жеткен табыстары, саланы дамытуға елеулі қосқан үлестері үшін 10 көлік қызметкері марапатталды. 16 қызметкер өңір басшысының алғыс хатын иеленді. Әріптестерін кәсіби мерекесімен Петропавл Оңтүстік Орал темір жол бөлімшесінің бастығы Петр Мелашенко құттықтады.

Соңғы жаңалықтар