СҚО әкімі: ҚР Тұңғыш Президенті мерекесі - Елбасына деген халықтың сенімін білдіретін ерекше мейрам
«Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл халқымыздың бірлігі мен халқымыздың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа деген сенімін білдіретін ерекше мейрам. Халықтың таңдауы өркендеуші мемлекет жолында Қазақстанның алға қарай сенімді қадам басуына негіз болды
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қиын заманда ел тізгінін қолға алды. Бірінші күннен-ақ ол еліміздің тұрақты дамуының негізі болып табылатын мемлекеттің негізгі құндылықтарын - бірлік, тұрақтылық пен келісімді алға тартты.
Тұңғыш Президенттің басшылығымен Қазақстан қуатты экономика мен берік мемлекетті құруда қыруар жетістіктерге қол жеткізді.
Елбасының талаптарының арқасында қазір елімізді әлемде ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан бейбітшілікті сүйетін мемлекет, халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы сенімді серіктес, жаһандық интеграция үдерістерін дамытудағы және экономикалық ынтымақтастықтағы стратегиялық одақтас ретінде танып, құрметтейді.
Ел Президенті посткеңестік кеңістікте бірінші болып 2030 жылға дейінгі көпмерзімдік мемлекеттің даму стратегиясын ұсынды. Оның негізгі бағыттары сәтті жүзеге асты.
Мұның барлығы - Елбасымыздың даналығының, жоғары саяси еркі мен көріпкелдігінің дәлелі.
Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы», «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясат, Бес институционалдық реформалардағы нақты бағыттар елдің ары қарай дамуының кепілі болатынына сенемін.
Құрметті жерлестер! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мықты денсаулық, бақыт, табыс пен сәттілік тілеймін!» - деп жазылған құттықтау мәтінінде.