СҚО әкімі құтқарушыларға көлік кілтін табыс етті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында Құтқарушылар күніне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

СҚО әкімі Ерік Сұлтанов құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Павел Филлиповке өңір басшысы УАЗ көлігінің кілтін табыс етті. ТЖ қызметінің жеті қызметкері кәсібилігі мен адал еңбегі үшін облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

«Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың табысы - бұл жыл сайынғы СҚО-ның құтқарылған тұрғындары. Сіздер күндіз-түні тыным таппай, ауыр да қауіпті және азаматтарымыз үшін аса қажетті қызметті атқарып жүрсіңдер», - деді Ерік Сұлтанов.

Бүгін ТЖД қызметкерлеріне ведомствалық наградалар табыс етіліп, кезекті атақтар берілді. Өрт сөндіру саласының 34 қызметкері Отанына адал қызмет етуге ант берді. Осы сәттен бастап олар толыққанды өрт сөндіруші-құтқарушылар деп саналады.

null null 

Соңғы жаңалықтар