СҚО әкімі қыс ішінде төтенше жағдайға тап болудың алдын алу қажеттігін тапсырды
«Отырысты аша отырып, СҚО әкімі Ерік Сұлтанов облыс тұрғындары, нысандарды төтенше жағдайдар кезінде пайда болатын қауіптерден қорғау шараларын күнделікті қызмет режімінде өткізу қажет екенін атап өтті», - делінген хабарламада.
Тіршілікпен қамтамасыз ету нысандарында ТЖ-ды жоюға дайындық туралы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Антон Федяев есеп берді.
Аймақ басшысы аудан әкімдері және Петропавл қаласының әкіміне, тиісті басқармалардың басшыларына тіршілікпен қамтамасыз ету жүйелері мен нысандары, жалпы пайдаланатын автомобиль жолдары, аумақтық нысандардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді, сондай-ақ энергия, жылу, су және газбен қамтамасыз ету жүйелері мен нысандарының қысқы уақытта істен шығуына жол бермеуін тапсырды.