СҚО әкімі облыстық жеті басқарманың басшыларын қайта тағайындады

ПЕТРОПАВЛ. 2 шілде. ҚазАқпарат - СҚО әкімі Самат Ескендіровтің өкімімен облыстық 7 басқарманың басшылары тағайындалды.
None
None

Биылғы ақпаннан Жамбыл ауданы әкімі қызметін атқарған Әшімов Саят Қаятұлына облыстық құрылыс басқармасының бастығы қызметі жүктелді.

Тұралинов Серікбай Шәріпұлы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасын басқарады. Ол 2011 жылдан бері Уәлиханов ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.

Мұқсимов Салауат Силибайұлы СҚО ішкі саясат басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды. Ол 2005 жылдан бері ҚР Парламенті Сенаты депутатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органы комитетінің көмекшісі болған.

СҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басы-қасында болған Құлжанова Тотықамал Ниязқызы қайта құрылған Солтүстік Қазақстан облыстық балалар құқығын қорғау жөніндегі басқарма бастығының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

2009 жылдан бері Аққайың ауданын басқарған Елубаев Рүстем Мұқашұлы қайта құрылған мәдениет, мұрағат және құжаттар басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Зейнуллин Мұратбек Бағайдарұлына СҚО дін істері басқармасының тізгіні тапсырылды. Ол бұған дейін ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Бас қолбасшысы аймақтық қорғаныс және басқарудың жедел ресурстарын даярлау бас басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Осы уақытқа дейін Айыртау ауданын басқарып келген Сейфуллин Амантай Қаратайұлы енді қайта құрылған СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бастығы міндетін атқарады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум