СҚО әкімі облыстың шыршасының шамын жақты (ФОТО)
Бұл күні алаңға жүздеген қалалықтар жиналды. Көрініс қаланың шығармашылық ұжымының қатысуымен «Карнавал» музыкалық-хореографиялық композициясынан басталды. Бұлар ақшақар, аққала, санта-клаус костюмдерін киген ондаған артистер. Шеруге сондай-ақ жұлдызнама белгілерінің кейіпкерлері үлгісінде қуыршақтар қатысты.
Петропавлда жаңа жылдық шыршаны ертегі кейіпкерлерімен бірге өңір басшысы Ерік Сұлтанов жақты.
«Бүгін дәстүрлі түрде СҚО-ның басты жаңажылдық шыршасын жағатын боламыз. Осы күннен бастап облыстың барлық аудандарында жаңа жылдық шырша шуақ шашып тұратын болады. Өткен жыл облысымыз үшін айтулы жыл болды. ҚХА 20-жылдығын, Конституцияның 20-жылдығын, Ұлы Жеңістің 70-жылдығын, Қазақ хандығының 550-жылдығын атап өттік. Қазақстан мемлекеттік мереке - ҚР Тұңғыш Президенті күнін атап өтті. Мемлекет Басшысы жыл сайынғы Жолдауын жариялады. Барлық солтүстікқазақстандықтарды жаңажылдық мерекелердің басталуымен құттықтаймын!» - деп атап өтті өз сөзінде Е. Сұлтанов.
Алаңға балалар аттракциондары орнатылды. Мерекелік жаңа жылдық концерт ұйымдастырылды.