19:57, 31 Қазан 2015 | GMT +5
СҚО әкімі Петропавлдағы жаңа сауда-ойын-сауық кешенінің бірінші сатып алушысы болды (ФОТО)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 31 қазанда Петропавлда «Отбасылық 4» сауда-ойын-сауық кешенінің салтанатты түрде ашылуы болып өтті. Аталған шараға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов қатысты.
Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов лентаны кесу құрметті құқығынан кейін жаңа сауда-ойын сауық орталығында клиенттер үшін жасалған жағдайлармен танысып, супермаркеттің бірінші сатып алушысы болды.
Бұл Петропавлда осындай алғашқы сауда-ойын-сауық орталығы екенін атап өту керек. Онда отандық және шетелдік тауарлар мен азық-түліктің көп түрі ұсынылған гипермаркет, мейрамхана, өндірістік цехтар бар. Аталған жобаны іске қосу 250 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.