СҚО әкімі Жол картасын жүзеге асыру мәселесі бойынша кеңес өткізді

ПЕТРОПАВЛ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов облыстық Жол картасы бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі бойынша облыстық департаменттер және ведомство басшыларымен жедел кеңес өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Республика бойынша жол және әлеуметтік сала нысандарын жөндеу, қосымша жұмыс орындарын ашу, мамандар даярлау және қайта даярлауды қоса есептегенде, Жол картасына барлығы 140 млрд. теңге бөлінген. Бұл жұмыс Солтүстік Қазақстан облысында жақсы қарқынмен жүргізілуде. Аймақ әкімі атап өткендей, бүгінгі күнге дейін барлық шарттар жасалған, тиісті қаржы бөлінді, жұмыс өз деңгейінде атқарылуда. Жөндеу және қайта құру жұмыстарын жүргізу жоспарланған әлеуметтік нысандар да белгіленді. Оқу жылының аяқталуына орай білім ордаларын тәмамдағандар үшін жұмыс орындарын ұйымдастыру қолға алынды, сондай-ақ тұрғындардың түрлі топтары үшін қосымша жұмыс орындарын ашу қарастырылуда.Аймақ басшысы атап өткендей, мамандар даярлау бірнеше бағыт бойынша жүргізіледі. Техникалық мамандыққа, сондай-ақ қызмет түрлерін көрсету және басқа да бірқатар сала қызметкерлеріне сұраныс көп. Осыған байланысты бюджеттен қосымша қаржы көзін қарастыру қажет. Облыс әкімі тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Соңғы жаңалықтар