СҚО әкімі жолдардың жағдайын ретке келтіруді тапсырды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО әкімі Самат Ескендіров облыс орталығындағы жолдардың жай-күйі мәселесін қадағалауды тапсырды.
None
None

Өңір басшысы Петропавлдың проблемалы учаскелері мен А.Шәжімбаев, Рижская және Свободная көшелерінде болып, мұндағы жолдардың жағдайы сын көтермейтінін айтты.

Айта кетейік, сәуір айының басында Самат Ескендіров қала тұрғындарының сұрауымен мұнда келген болатын. Алайда жолдың күйі әлі түзелген жоқ. Жамбыл көшесі бойындағы жол да жөндеуді қажет етеді.

«10 күн бұрын бұл жерден өту мүмкін емес болатын. Адамдардың осы жерден өту үшін аяқтарына қапшықтар киюге мәжбүр болғандарын өз көзіммен көрдім. Жолдардың жайын дұрыстауды тапсырамын», - деді облыс басшысы.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі қаланы абаттандыру мәселелерінің жергілікті атқару билігінің ерекше бақылауында екенін атап өтіп, қаланың шеткері жақтарына назар аударылатынын қадап айтты. Қазір ол жерлерге шағыл тастар төселуде.

Соңғы жаңалықтар