СҚО-да 10 күн бұрын жоғалып кеткен әйел Ақмола облысынан табылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстанның 28 жастағы тұрғыны 10 күн өткен соң барып Ақмола облысынан табылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«9 қараша күні кезекшілік бөлімге 58 жастағы әйел келіп қызының жоғалып кеткендігі туралы хабарлады. Ол екі күн бұрын жұмысқа кеткен күйі қайтып оралмаған. Әйел қызын 2 жасар баланың анасы екенін, жауапты адам екенін айтты. Істің мән-жайын анықтау кезінде полиция қызметкерлері жоғалған әйелдің жұмыста жиі ішімдік ішетінін анықтады. Жұмыстан шыққан ол танысынының үйіне қонаққа барған. Сол жақтан ол Тайынша ауданының Заречное ауылына, 5 күн өткен соң әлеуметтік желі арқылы танысқан ер адаммен кездесуге кетіп қалған», - деп жазылған хабарламада.

Ақмола облысының Степногорск қаласына барғанда әйелдің ақшасы таусылып қалған. Сол кезде ол жергілікті мешіттегі имамға барып, өзінің қиын жағдайға түсіп қалғандығын айтады. Алайда имам бұған дейін әйелдің жоғалғандығын айтып барлық жерге хабарлама таратқан Петропавл қаласының ІІБ қызметкерлеріне хабарласады. Нәтижесінде жоғалып кеткен әйел 10 күн өткен соң барып үйіне қайтып келген.

Соңғы жаңалықтар