09:26, 08 Желтоқсан 2015 | GMT +5
СҚО-да 2,6 млрд теңге сомасында 402 нысан жария етілді
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да елде заңдастыру өтіп жатқан уақыт ішінде аталған науқан 2 млрд. 625 млн. теңге сомасындағы 402 нысанды қамтыды.
Бұл туралы ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің филиалында өткен брифингте СҚО қаржы басқармасы басшысының орынбасары Марат Жамалиев хабарлады.
«Бізде облыста барлық аудандарда және Петропавлда заңдастыру бойынша комиссия құрылды. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мүлікті жария етуге 4 млрд. 493 млн. теңге сомасында 843 нысан бойынша 740 өтініш келіп түсті. 984 млн теңге сомасына 277 нысан бойынша құжат пакеттерінің толық болмауына байланысты 265 өтініш кері қайтарылды. 2 млрд. 625 млн, теңге сомасында 402 нысан заңдастырылды. Жұмыста 882 млн теңгеге 164 нысан бойынша 144 өтініш бар. Жұмыс жалғасу үстінде», - деп түсіндірді Жамалиев.