СҚО-да 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 90%-дан астамы мектепке дейінгі білім берумен қамтылған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан балабақшаға барды.
None
None

Премьер-Министрге Петропавл қаласының әкімі М.Тасмағанбетов баяндағандай, 320 орынға шақталған балабақшаны шілде айының соңына дейін ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Pm.kz.

Нысанның ойын алаңдарын қоса алғандағы жалпы аумағы 11 мың шаршы метрді құрайды. Жоба құны - 700 млн теңгеден астам.

Бүгінде Петропавл қаласында 60-қа жуық мектепке дейінгі мекеме бар, оның ішінде 25-і - мемлекеттік болса, 5-і - жекеменшік, 18-і - шағын орталық және біреуі - мектеп-балабақша. Қалалық әкімдіктің мәліметтері бойынша, Петропавлда үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 86 пайызды құрайды, облыс бойынша бұл көрсеткіш 90 пайыздан асады.

Бұған дейін хабарланғандай, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша балабақшалар салуға 10 млрд теңге бөлінеді. Үш жыл ішінде 27 балабақша салу жоспарлануда, олардың басым бөлігі мектепке дейінгі балалардың қамтылуы төмен үш облыста салынады.

Бұдан басқа, облыста мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы жүзеге асырылуда, ол республикалық және жергілікті бюджетті оңтайландыру арқылы қаражатты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар