СҚО-да адам ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері сотталды - ҚР Бас прокуратурасы

АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында адам ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері сотталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
None
None

Өткен жылдың сәуір айынан бері СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2007 және 2009 жылдар аралығында Ғ.Мүсірепов ауданы бойынша бірқатар ауыр және өте ауыр қылмыс жасады деген Е.Баймолдинов пен басқа да қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты қылмыстық іс қаралып келді.

Қылмыстық топты ұйымдастырған және оны басқарған Е.Баймолдинов 17 жылға бас бостандығынан айырылды, топтың басқа мүшелері 13 және 14 жылдарға темір тордың ар жағына қамалды.

Қазіргі таңда қылмыстық топтың бір мүшесі А.Жекебаев іздестірілуде.

Соңғы жаңалықтар