СҚО-да ата-ананың қарауынсыз қалған 1,5 жастағы бала далаға шығып кетіп, үсіп өлген

ПЕТРОПАВЛ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Рублевка ауылында қайғылы оқиға орын алды.
None
None

Әкесі 1,5 жастағы баланы қараусыз қалдырып кеткен. Соның салдарынан бала үйден шығып кетіп, келесі күні оның үсіп кеткен өлі денесі көршісінің ауласынан табылған, деп хабарлады СҚО бойынша ІІД-нің баспасөз қызметі.

1,5 жастағы Рафис үйінде әкесімен қалған көрінеді. Кешкі 7-ге қарай ішімдік ішіп алған әкесі көршілерін Жаңа жылдарымен құттықтауға кетіп, баланы жалғыз қалдырып кеткен. Үйге қайтып келген бүлдіршіннің анасы баланы көрші тұратын шешесі алып кетті деп ойлаған.

Келесі күні күндізгі 11-де анасына баласының өлі денесі табылғаны жайлы хабар жеткен. Кішкентай бала өзі есікті ашып, әжесіне бармақ болған.

Алдын ала жасалған болжам бойынша, ол әжесінің үйінің  есігін аша алмай, далада қалып қойған. Баланың өлі денесін келесі күні әжесінің көршісі тауып алған.

Осы факт бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар