14:36, 18 Сәуір 2014 | GMT +5
СҚО-да автожолды су басты
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені суы деңгейінің көтерілуінен республикалық маңыздағы Челябі - Новосібір автожолының бір бөлігін (Петропавл маңындағы Заречное ауылының маңында 528 шақырымда) су басты, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.
«Су көтерілуінің деңгейі ені 20 метр, ал тереңдігі 20 см құрады. Жол жабылып, жол полициясының бекеттері қойылды. Заречное кенті арқылы айналып өтетін жол істелді», - деп жазылды хабарламада.
Петропавлдың өзінде тұрғын үйлерді су басу фактісі тіркелмеді. 23 сәуірде облыс орталығындағы Есіл өзенінде су деңгейі көтеріледі деп күтілуде. Ол 10-15 күнге созылуы мүмкін, деп хабарлады ТЖД.