СҚО-да Батыс Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жиналуда
Қала әкімі Нұрлан Әшімбетов хабарлағандай, «қала әкімі аппаратының қызметкерлері, қала әкімдігінің бөлім бастықтарымен болған кездесу барысында біз су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау мәселесін талқыладық. Әлеуметтік есепшотқа бір күндік жалақыны аудару туралы шешім қабылданды. Біз облыстық әкімдікке, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалына жүгіндік. Қалада арнайы есепшот ашу туралы шешім қабылданды. Біздің ұсынысымызды қаланың барлық кәсіпорындары мен ұйымдары да қолдайтынына үміт артамын».
Қазіргі уақытта облыс орталығында ғана емес, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалдарында да гуманитарлық көмектер жиналуда.
СҚО-дан гуманитарлық көмек тиелген алғашқы автокеруен Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына ертең, 22 сәуірде жол тартады.