14:26, 01 Тамыз 2012 | GMT +5
СҚО-да бірінші жарты жылдықтың қортындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың қарқындылығы байқалуда
ПЕТРОПАВЛ. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында жарты жылдықтың қортындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қарқындылығы байқалуда.

Облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне зер салсақ, аймақтық ішкі жалпы өнімі 6,4 пайызға өсіп, шамамен 105 млрд. теңгені құрады.
Есептік кезеңде инфляцияның деңгейі 2,4 пайызды құрады. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен төмен.
Жылдың басынан бері негізгі капиталға 26 млрд. теңгеге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе артық.
4 пайызға өскен өнеркәсіптің өндірісі экономиканың өсімін қамтамасыз етті, бұл тауардың 18,4 пайыздық көрсеткіші өткен жылдың сол кезеңіне сәйкес.
Бұл үдемелі индустрияды-инновациялық даму бағдарламасының арқасында іске асты.