СҚО-да «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша субсидиялаудың 3 келісіміне қол қойылды

ПЕТРОПАВЛ. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы-2020» (БЖК) бағдарламасының «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін азайту» - үшінші бағыты аясында «Фирма Диқаншы» ЖШС-ның жобалары бойынша және бағдарламаның «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бірінші бағыты аясында «Ковтун Е.А.» ЖК, «Хаиров А.Р.» ЖК-нің жобалары бойынша субсидиялаудың үш келісіміне қол қойылды, деп хабарлады «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры»  АҚ-ның баспасөз қызметінен.
None
None

«Ковтун Е.А.» ЖК-ның жобасы бойынша автокөлік сатып алу қарастырылған. Компанияның қызметі Ресей және Қазақстан бойынша халықаралық және қалааралық жүк тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты. «БЖК-2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясында компания, «БТА Банкі» АҚ-дан 14 пайызбен алынған несиенің мөлшерлемесін субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдауға ие болды, оның 7 пайызын мемлекет, қалған 7 пайызын қарыз алушы өтейді.

«Хаиров А.Р.» ЖК өзінің қызметін Ресей және Қазақстан бойынша халықаралық және қаларалық жүк тасымалдау саласында жүзеге асырады. Мекеме жылдық 7 пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдауға ие болды.

«Диқаншы Фирмасы» ЖШС аталмыш бағдарламаға қатысу арқылы екінші жобаны іске асырады. Бұл қазіргі заманғы технологиялық жабдықтармен жабдықталған диірмен кешені. Компания несиелік қаржыға айналымның капиталын арттыруды жоспарлап отыр.

Осылайша, бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші және үшінші бағыты аясында 35 жобаны субсидиялау бойынша келісімдерге қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар