14:26, 27 Шілде 2012 | GMT +5
СҚО-да болған жол апатында Астана тұрғыны қаза тапты
ПЕТРОПАВЛ. 27 шілде. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Айыртак ауданында жол апатының салдарынан 57 жастағы Астана тұрғыны мерт болды,

деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Апат 26 шілде күні шамамен сағат 16.00-де болды. «Лексус-470» көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, «КамАЗ» көлігімен соқтығысты.
Соқтығысудың салдарынан шетелдік көліктің жүргізушісі алған жарақаттарына байланысты оқиға орнында көз жұмды. Полиция қызметкері жүргізуші ұйықтап кетуі мүмкін деген болжамға келіп отыр.
Айта кетейік, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 30 адам қаза тауып, 234-і жарақаттануына әкеп соққан жол-көлік апаттары орын алды.