СҚО-да боранда адасып кеткен екі ауыл тұрғыны құтқарылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Жамбыл ауданында қарда жүргішпен серуендеп шыққан ауылдың екі тұрғыны адасып кеткен, деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметінен.
None
None

«Жамбыл аудандық ІІБ-ге аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен аудан орталығы Пресновка тұрғындарының қарда жүргішпен серуенге шығып, адасып кеткені жайлы хабар түсті. Қарда жүргіштің жанар-жағар майы таусылған, біреуінің ұялы телефоны өшіп қалған. Телефон шалған 45 жастағы ер адам қай жерде екенін айта алмаған. Бұл хабар Ресей Федерациясына да жолданды», - делінген хабарламада.

Аудан әкімі Иван Турков іздестіру жұмысын ұйымдастыруды қолына алды. Полицейлер, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, орман шаруашылығы қызметкерлері, ауданның аңшылар қоғамдастығы, «Жамбыл» ҚР ҰҚК шекарашылары, жергілікті тұрғындар жоғалғандарды іздеуге жұмылдырылды. Нәтижесінде аудан тұрғындары Железное ауылынан солтүстікке қарай 10 шақырым жерден табылды.

Соңғы жаңалықтар