СҚО-да дәрі-дәрмектерге зәрулік болмайды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бастығына қоятын сауалдар біршама уақыттан бері қалың көпшіліктің көкейінде жүрген еді. Оларға деген жауапты жуырда облыстағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте алудың мүмкіндігі туды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Қалың көпшілікті толғандырған бірінші мәселе тегін дәрі-дәрмектерге қатысты болды. Тұрғындар олардың жеткіліксіздігіне жылдың соңына қарай шағымдана бастайды. Биыл да солай болды.

Осыған қарай облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қабдырахман Сақтағанов тегін дәрілердің 37 науқас түріне беріліп келе жатқандығын жеткізді. Оларды алуға арнайы диспансерлік есепте тұрған азаматтар құқылы.

«Биылғы жылы дәрі-дәрмектерді алуға 1,6 млрд теңге бөлінген.
Бұл сома аймақтағы дәрі-дәрмектерге деген қажеттілікті қамтамасыз етуге толық жеткілікті. Бүгінгі таңда тегін дәрі-дәрмектермен 120 мың адамды қамтамсыз етудеміз»,-деді Сақтағанов.

Бұл ретте ең көмекке зәру топ - артериалды гипертониямен науқастанғандар екен. Жоғары артериалды қан қысымымен ауыратындар саны ұлғайып келеді және бүгінде олардың саны 79 мың адамға жеткен. Жылы соңында арнайы препараттардың жетіспеушілігі де осыдан туындайды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының айтуынша, биылғы жылы дәрі-дәрмекке деген зәрулік болмайды. Өткен аптада облыстық мәслихат сессиясының шешімімен дәрі-дәрмектер алу үшін облыстық бюджеттен тап осы топ үшін 60 млн теңге бөлінген. Тура осындай соманы республикалық бюджет береді.

Сақтағановтың айтуынша, қаржы жыл соңына дейін жетеді, дәрі-дәрмектер болса бір аптадан соң сатып алынады.

Соңғы жаңалықтар