СҚО-да Индустрияландыру картасы бойынша жыл соңына дейін 2,7 млрд. теңгеге 4 жоба енгізілмек

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да Индустрияландыру картасы бойынша жыл соңына дейін 2,7 млрд. теңгеге 4 жоба енгізіледі, деп хабарлады кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Евгений Глотов.
None
None

«2015-2019 жылдары индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында облыста 2006 жұмыс орнын құрумен 28,6 млрд. теңгеге 41 жоба іске асырылып отыр. Ағымдағы жылы жоспарланған 16 жобаның ішінде 370 жұмыс орнының құрылуымен 4,7 млрд. теңгеге 12 жоба іске асырылған. Жыл соңына дейін 117 жұмыс орнын құрумен бірге 2,7 млрд. теңгеге тағы 4 жобаны енгізу жоспарланып отыр», - деп баяндады облыстық әкімдікте аймақ басшысы Ерік Сұлтановтың қатысуымен өткен отырыс кезінде Е.Глотов.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 2,2 млрд. теңге бөлінген.

«Биылғы жылғы 20 қазандағы жағдай бойынша, аймақтық үлестіру кеңесінің отырыстарында 155 өтінім мақұлданған. Аталған бағдарламаның тиімді іске асырылуының арқасында кәсіпкерлер 2 мыңнан астам қазіргі жұмыс орнын сақтап қалады, сондай-ақ 685 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр», - деп атап өтті Е.Глотов.

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы «Агробизнес-2020» бағдарламасының іске асырылуы туралы баяндап берді. Оның аясында ауыл шаруашылығы саласын қаражаттандыру үшін 17,2 млрд. теңге бөлінген. 1551 кәсіпкер қолдау алды. Е.Глотов СҚО-ның кепілдендіру бойынша республикада бірінші орын, ал қаражаттандыру бойынша - төртінші орын алып отырғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум