СҚО-да қалмақ тұқымды ірі қаралар көбейіп келеді

Қалмақ тұқымы - жабайы мал. Алдынан адам шықса болды, ала қашады. Бұл сиырлар бұзауынан айырылып қалса, мөңіреп, таппай қоймайды. Сондықтан үнемі топтасып жүреді.
- Бұл мал талғампаз емес. Не берсең, соны жей береді. Сосын өздері төлдеп, бұзауларын бермейді. Сондықтан көп күтімді керек етпейді. Күніне кемі 1 келіге дейін салмақ қосады. Бұқалары жарты тоннаға дейін тартады,-дейді серіктестік директоры Николай Коняхин.
Серіктестік егін шаруашылығын да шалқытып отыр. Василий Лушпайдың жерде жұмыс істеп жүргеніне 30 жылдан асты. Бір жылдары қалаға қоныс аударса да, туған ауылына қайта оралды. Осында еңбек етіп, нәпақасын тауып жүр. - Қазір жұмысшылардың барлығы күні-түні алқап басында. Ауа райы ашық тұрғанда уақыт жоғалтуға болмайды. Әйтпесе жер кеуіп кетеді. Бұл мол өнімнің кепілі. Шаруашылық 8 мың гектар жерге егін егіп жатыр. Дала жұмыстары 80%-ға аяқталды. Николай Коняхин қара жерге күз-көктем 200 млн теңгедей қаржы құяды. Оның қайтарымы да мол.
Серіктестік директорының айтуынша, былтыр 140 млн теңгеге ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алған. Бұл өз қаржылары. Шаруашылықта 100-ден астам адам еңбек етеді. Олардың барлығы осы Ясновка ауылында тұрады, деп жазады 24.kz.