СҚО-да қант, ет, сүт зауыттары салынып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында 191 млрд. теңгеге 62 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, өңірде мал шаруашылығы үлкен қарқынмен дами бастады. Ауыл шаруашылық тауарөндірушілері ірі қара өсірудің тиімділігін жоғары бағалауда.

«Бұл сала ауылдық жерлерде жыл бойы жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Сондықтан біз бұл бағытқа үлкен маңыз беріп отырмыз. Ет және ет өнімдерінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасы өз жемісін берді. 2011 жылдан бері алыс және жақын шет мемлекеттерінен 11 мыңнан астам асыл тұқымды ірі қара әкелдік. Олар ангус, герефорд, сементау және лимузин тұқымдас сиырлар. 40-қа тарта асыл тұқымды мал басын көбейтетін репродукторлар құрылды. Қазіргі уақытта асыл тұқымды аналық бас сиырлар жергілікті шаруашылықтарға да таратылуда. Облыста 14 ірі сүт кешені жұмыс істейді», - деп атап өтті А. Сапаров.

Сонымен қатар, әкім орынбасарының сөзіне қарағанда, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуге де үлкен мән беріліп келеді.

«Бүгінде облысымызда 154 өңдеуші кәсіпорын бар. Өңірде ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеудің арнайы картасы жасалды. Оның аясында жалпы сомасы 191 млрд. теңгеге 62 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұлар негізінен ет пен сүт өңдеу, ұн және макарон өнімдерін жасау, сонымен қатар майлы дақылдарды өңдеу жобалары. Картаның 9 жобасы енгізілді», - деді А. Сапаров.

Оның үстіне шетел инвестициялары тарапынан да үлкен жұмыстар істелуде. Мысалы, өңірде 500 жаңа жұмыс орнын ашатын, құны 19 млрд. теңгелік майлы дақылдарды өңдеу жобасы іске қосылмақ. Нысан тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында пайдалануға беріледі. Аталмыш компания қазақстандық тараппен бірлесе отырып, агроөнеркәсіптік парк құрады. Онда дәнді дақылдарды терең өңдеу өндірісі, ет комбинаты, сүт зауыты, біріктірілген жем түрлерін шығару зауыты салынады.

«Оның сыртында, облыста қант зауыты салынатындығын жеке айта кетуге болады. Нысан келесі жылы пайдалануға беріледі. Біз қант қызылшасын отырғызып көрдік. Орташа өнімділігі гектарына 50 тонна. Құрамындағы қанты 23 пайыз», - дейді СҚО әкімінің бірінші орынбасары. 

Соңғы жаңалықтар