СҚО-да кәсiпкерлiктi қолдау картасына 3 жоба қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өңiрлiк үйлестiру кеңесiнiң отырысы барысында 4 жоба қарастырылды. Олардың үшеуi Өңiрлердегi кәсiпкерлiктi қолдау картасына қосуға ұсынылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

«Елiмiзде 1 қаңтардың бастап Кәсiпкерлiк кодексi күшiне ендi. Жаңа құжатқа сәйкес, Индустрияландыру картасы бұдан кейiн Өңiрлердегi кәсiпкерлiктi қолдау картасы болып аталады. Республикалық деңгейде Индустрияландыру картасы болып қалады», делінген хабарламада.

Полипропилендi ыдыстарды шығарудыж жоспарлаған кәсiпорын жұмысы облысымыз үшiн тың жоба. «SMBGROUP Family» ЖШС-гi 12 млн дана қап пен 600 мыңға жуық биг-бэгтердi шығаруды жоспарлап отыр.

Жобаны ұсынған Асхат Исенов ғимарат сатып алынып, жабдықтарды орнату үшiн нысан iшiнде қайта құру жұмыстары жүргiзiлiп жатқанын, өнiмдi жеткiзу бойынша келiсiмдер жасалғанын атап өттi.

Ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеуге байланысты тағы бiр жобаның бiздiң аграрлы өңiрiмiз үшiн маңызы зор.

«Максимальный размах CORPORATION» ЖШС-ы тоңазытылған ет пен көкөнiс жартылай фабрикаттарын шығарумен айналыспақ. Жобаны үш кезеңге бөлiп, 2017-2020 жылдар аралығында жүзеге асыру жоспарланған.

Өңiрлiк үйлестiру кеңесiнiң мүшелерi кәсiпорын директоры Максим Калининге бiрқатар сауалдар қойып, жобалық-сметалық құжаттаманы уақтылы дайындауға кеңес бердi.

«Жақсы жоба. Бұл нағыз қайта өңдеу. Жобаны кәсiпкерлiктi қолдау картасына қосу үшiн мақұлдау қажет деп есептеймiн», - дедi Ерiк Сұлтанов.

Сондай-ақ, өңiр басшысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына Ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеу картасына осы жобаны қосу мүмкiндiгiн қарастыруды тапсырды.
null

Соңғы жаңалықтар