СҚО-да кәсіпорындар мен колледждер бірігіп маман даярлауда белсенділік танытуда (ФОТО)
«Мемлекеттік қолдаудың арқасында соңғы жылдары колледждерің материалдық-техникалық базасы нығайды. Екі колледжде заманға сай Оқу-технологиялық орталықтары құрылды. Енді біз әріптестерімізге білікті маман даярлау ісін жаңа деңгейде жүргізе аламыз», - деді Ю. Данилов.
Бүгінде аймақта техникалық және кәсіптік мекемелерге қызығушылық артып отыр. Нәтижесінде студентеріміз соңғы екі жылда ақылы өндірістік тәжірибелерден өтіп жүр.
Облыс пен қаладағы кәсіпорындар мен мекемелермен тығыз байланыс орнатылған. Олардың арасында «Петропавл ауыр машина жасау зауыты», «Мұнаймаш», «СЕВКАЗЭНЕРГО», «Зенченко и К» КС, «Основание» ЖШС сынды ірі кәсіпорындар маман даярлауда сенімді серіктестер болып табылады.
Солтүстік Қазақстан кәсіби педагогикалық колледжі 1957 жылдан бері экономиканың нақты секторлары бойынша, оның ішінде энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайды. Колледж бен «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ арасында Кәсіпкерлер палатасының қатысуымен бір өзара ықпалдастық туралы келісім жасалды. Келісімшарт бойынша Акционерлік қоғам биылғы жылы оқу полигонын ашу үшін 5 млн теңгеден астам қаражат бөлген. Колледж өз кезегінде кәсіпорынға маман даяралаумен және біліктілігін арттырумен айналысады.
«Елбасы кәсіптік білімді игеруге шақырып, өзін мысал ретінде көрсетті. Бұл техникалық және кәсіптік колледждердің студенттері мен қызметкерлері үшін аса маңызды. Біздің алдымызда үлкен жауапкершілік тұр. Елбасының алға қойған мақсаттарының орындалуы әрқайсымызға байланысты. Мен техникалық және кәсіптік білім алған студенттер оны жүзеге асыруға белсенді ат салысу керектігіне сенімдімін. Барлығымыз бірігіп елімізді дамыған елдер қатарсына қосылуға септігімізді тигіземіз», - деді Данилов.