СҚО-да Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтті (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Облыс орталығы - Петропавлда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған меркелік концерттік бағдарлама қойылды. Бұл маңызды атаулы тарихи күнмен солтүстікқазақстандықтарды облыс әкімі Ерік Сұлтанов құттықтады, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.
None
None

«Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «ұлы ата-бабаларымыздың ұлы рухына барлық ұрпақтар тағзым етеді. Олардың мемлекеттілікті сақтаудағы орасан еңбегі ешқашан ұмытылмайды», деп атап көрсеткен болатын. Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеудің тарихи жадыны және патриотизм рухын қалыптастыруда маңызы зор. Бұл күн барлық қазақстандықтар үшін, соның ішінде жас ұрпақ үшін маңызды», - деді Ерік Сұлтанов.

Облыс әкімі осы мерекелі күндері ел Президенті ұсынған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының ерекше рухани мәні зор екенін атап көрсетті. «Мәңгілік ел» - бұл қазіргі жағдайда мемлекеттілікті сақтаудың тұжырымдамасы», - деп сөзін түйді өңір басшысы.

Облыс әкімі патриотизмді нығайтуға және рухани кемелденуге қосқан үлесі үшін 41 солтүстікқазақстандыққа «Қазақ хандығына 550 жыл» ескерткіш белгілерін тапсырды. Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты. Облыстың шығармашыл ұжымдары Қазақ хандығының құрылу тарихына арналған театрландырылған қойылымды ұсынды. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік шаралар Қазақстанның түпкір-түпкірінде қазан айының соңына дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар