19:15, 29 Мамыр 2009 | GMT +5
СҚО-да көзделген егістік алаңының 70 пайызына дән себілді
ПЕТРОПАВЛ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ – Солтүстік Қазақстан облысында егіс науқаны аяқталуға таяп қалды. Биылғы жылы көктемгі егіс жұмыстары ауа райының қолайлылығына байланысты жақсы қарқынмен және уақытқа сай жүргізілуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының деректері бойынша, мамырдың 29-ына дейін 2 миллион 772 мың гектар алқапқа дән себілген, ол барлық егістік көлемінің 70 пайызын құрайды. Оның ішінде 2 млн. 693 мың гектар жерге бидай себілді.Биылғы жылы майлы дақылдарды өсіруге арналған егіс көлемі ұлғайтылды, қазіргі уақытта ол 200 мың гектар жерге орналастырылды.