СҚО-да «Құлан» және «Сыбаға» бағдарламаларының игілігін көрушілер саны артуда (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бугровое ауылының тұрғыны Дмитрий Кайнов «Құлан» және «Сыбаға» бағдарламаларын пайдаланып, өткен жылы 14 млн теңге несие алып, 39 ірі қара мал мен 11 жылқы сатып алды.
None
None

«Қазір менде 120 қазақтың ақ бас сиыры мен 50 жылқы бар. Ал өз қаражатыма трактор мен басқа да ауыл шаруашылығы техникасын сатып алдым. Енді өтінім бердім, мемлекет маған сол техникаға жұмсаған қаражатымның жартысын қайтаратын болды», - дейді Дмитрий Кайнов.

Оның айтуынша, Қазақстанда мал шаруашылығын дамытуға ниет білдіргендер үшін барлық жағдай жасалған.

Соңғы жаңалықтар