СҚО-да құны 260 млн. теңге болатын жаңа спорт кешені ашылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда 160 орынға шақталған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Бұл туралы СҚО әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Мемлекет басшысы ауылдық жерлерде дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу туралы шешім қабылдады. Бұл спорт кешенінің құрылысына 2014 жылы 260 миллион теңге бөлінген. Жақын арада мұнда баскетбол және волейбол ойындары үшін секциялар, тренажер залы, күрес, бокс және атлетикамен айналысуға арналған залдар жұмыс істей бастайды, аудандық жарыстар өткізіледі», - деді Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі Владимир Дудов. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «тек денсаулығы мықты ұлт қана бәсекеге қабілетті бола алады, сондықтан біздің мемлекетіміздің стратегиялық саясатының бағыттарының бірі спортпен жаппай шұғылдануды арттыру болып табылады» деп атап өткен еді. Бүгін осы нысанда облыс әкімі Ерік Сұлтановтың бастамасымен көтерілген «Мен - чемпионмын» балалар спорттық ойынының екінші кезеңі басталды. Бұл ойын балалардың денсаулығын нығайтуға, оқушыларды спортқа тартуға, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар