12:37, 13 Шілде 2013 | GMT +5
СҚО-да құрылыс алаңында жұмысшы жапа шекті
АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Қаратал ауылында жұма күні кешкі сағат 18.00-де құрылыс жұмыстарының барысында 24 жастағы ер адам 2-ші қабаттан құлап кетті.
«Жер-Ана» ЖШС жұмысшысы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.