СҚО-да күшті жел Қылмыстық-түзету жүйесі департаментіне қарасты бірнеше ғимараттың шатырларын жұлып әкетті

АСТАНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында дауылдата соққан жел Қылмыстық-түзету жүйесі департаментінің шатырларын жұлып әкетті.
None
None

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, кеше тамыздың 12-сі күні кешқұрым, құйындап соққан жел Есіл ауданына қарасты Горный ауылындағы СҚО бойынша ЕС-164/4 Қылмыстық-түзету жүйесі департаментінің аумағындағы бірнеше ғимараттың шатырларын ұшырып әкетті.

Атап айтқанда, күзет бөлімі ғимаратының 10 шаршы метр аумағын, №1-ші камералық типті ғимараттың 2 шаршы метрін және қоймалар нысанының 180 шаршы метр аумағын.

Жел сондай-ақ, электр желілерін зақымдаған. Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

ТЖМ-нан анықтағандай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар