СҚО-да мұнай құбыры жарылған жерден 470 текше метр мұнай жиналды

ТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Кеше «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы Солтүстік Қазақстан мұнай құбыры басқармасының ТОН-2 (Таймыс-Омбы-Новосібір) мұнай құбырының 1056 шақырымында тесілген диаметрі 720-мм-лік құбырды жөндеу жұмыстары аяқталды,
None
None
  1. деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше оқиға 13 қыркүйек күні Петропавлдан 3 шақырым жерде орын алған болатын.

Мұнай құбырының ұзындығы 4,75 метр болатын апатты учаскесі толығымен жөнделді. Қазіргі уақытта мұнайды жинау, ыдысқа құйып алу жұмыстары жүргізілуде. 15 қыркүйек күнгі сағат 18:00-дегі жағдай бойынша 470 текше метр мұнай жиналды, оның 340 текше метрі мұнай құбырына қайта құйылды.

Төтенше жағдайды жоюға «ҚазТрансОйл» компаниясының 29 маманы мен 18 техникасы және ҚР ТЖМ СҚО ТЖД жеке құрамының 4 маманы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Соңғы жаңалықтар